Абай облысындағы алапат өрттің беті қайтты.
Бұдан екі күн бұрын эвакуацияланған Березовка санаторийі ауылы тұрғындары үйлеріне орала бастады. Жалпы отпен күреске 10 тікұшақ, 1 өрт сөндіру пойызы, өзге де 201 техника және 852 адам жұмылдырылған. Болжам бойынша 3 жарым мың гектар алқап жанып кетті. Айта кетейік, бүгін Абай облысының Бородулиха ауданында төтенше жағдай режимі жарияланған болатын.
