Қаржы вице-министрі ШҚО халқымен кездесті

Шығыс Қазақстанда осы уаққа дейін жеке тұлға банкроттығы бойынша 1350 адамнан өтініш түскен. Оның тек 170-тен астамы мақұлданды.

Бұл туралы өңірге келген Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жобаға біраз уақыт өтсе де, әлі де оның парқын түсінбей жатқандар көп. Кейбіреулер банк алдындағы берешегінің жартылай ғана кешірілгенін қалайды. Бірақ олай болмайды. Халықпен кездесуде басқа да біраз жайттар талқыланды. Жиналғандар Қаржы вице-министріне салық, кедендік әкімшілендіру, мемлекеттік сатып алу, бюджетіне қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Жалпы Шығыс Қазақстан облысы өкілдері өте көп ұсыныстар жолдап жатыр, азаматтық ұстанымы жоғары, басқа мемлекеттік органдармен, әріптестермен осы ұсыныстарды талқылап,жаңа заңнамалық нормаларға енеді деген жоспар да бар.

Сондай-ақ...