Елордада ортақ түркі әліпбиінің мәселелері талқыланды

Түркі халықтары әліпбилерін үйлестіру керек.

Бұл туралы бүгін елордада өткен «Түркі әлемі ортақ әліпбиі» комиссиясының бірінші отырысында айтылды. Алқалы жиынның пленарлық отырысында Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғыстан, Өзбекстан елдерінің тіл мамандары бас қосты. Сессия түркі тілдес халықтар арасында әліпби бірлігін қамтамасыз ету және мемлекеттік тіл саясаты мәселелеріне арналды. Отырыс барысында ортақ әліпби әзірлеудің жол картасы қарастырылды. Сондай-ақ комиссия мүшелері «Түркі әлемінің келешегі - 2040» стратегиялық құжатындағы көзделген мақсатқа жету үшін жасалатын нақты қадамдар бойынша уағдаласты.

Ербол Тілешов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы:

- Латын әліпбиіне көшу мәселесі – қазір ғылыми тұрғыда лингвистикалық мәселе. Пысықталып жатыр. Дәл кәзіргі уақытта еліміздің бірнеше қалаларында апробациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ахмет Байтурсынов атындағы тіл ғылыми институты. Мәселе мұндағы әкімшілік мәселе емес. Дайын болуына байланысты.