БҚО-да газ өңдеу зауыты салынады

Бұл туралы аймақ тілшілерімен кездесуде Энергетика министрінің орынбасары Асхат Хасенов айтты.

Қазір өңірдегі Қарашығанақ кен орнынан алынған шикізат түгелімен Орынбордағы кәсіпорынға өңдеуге жіберіліп, дайын өнімнің бір бөлігі елге қайтарылып жүр. Бұл жүйе сол күйі сақталып қалады. Тек соған қосымша тағы жылына 4 млрд текше метр газ елімізде өңделетін болды. Зауыт құрылысына қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Жоспар бойынша жаңа өндіріс орны 2028 жылы іске қосылады.

Асхат Хасенов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

- Осы жылдың ішінде тендерге шақыру жасайын деп жатыр. Техникалық және экономикалық шарттары әлі де келіссөз арқылы жүргізілетін болады. +Үкімет тарапынан, біздің тараптан осы «Қарашығанақ» құрылтайшыларына сондай өтініш жасалды.