Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Төменгі палата Спикері Президентке сессия басталғаннан бері төменгі палат депутаттарының қарауында 75 заң жобасы болғанын, оның 14-і қабылданып, Сенатқа жолданғанын мәлімдеді.

Ендігі міндет онлайн-платформалар, заңсыз сатып алынған активтерді қайтару, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын жүзеге асыру, қоғамдық бақылау, Тұрғын үй қатынастарын жетілдіру туралы заң жобаларын сүзгіден өткізу. Бұдан бөлек Ерлан Қошанов жуырда былтырғы республикалық бюджеттің жұмсалуы мен Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның есебіне қатысты, қоғамдық тыңдалым өтетінін айтты.