Е. Жаңбыршин: Жылу энергетикасы саласында бірыңғай саясат жоқ

Жылыту маусымы басталғаннан бері елдегі жылу желілерінің температуралық кестені сақтамағаны жөнінде 400-ден аса дерек тіркелген.

Бұл туралы Екібастұз қаласында өткен көшпелі отырыста айтылды. Жиынды Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті ұйымдастырды. Талқылау барысында Риддер, Екібастұз, Теміртау, Жезқазған, Ақтау және Кентау қалаларының алдағы жылыту маусымына дайындығы пысықталды. Бұл маңызды. Өйткені, дәл осы аймақтарда жылу электр орталықтарында апат қаупі басым. Депутаттар мәселеге бейжай қарамай, үздіксіз жылумен қамту шараларын дереу қабылдау қажеттігін ескертті. Жылу энергетикасы саласында бірыңғай саясаттың болмауын сынға алды. Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов өз сөзінде 37 ЖЭО бойынша әкімдіктермен бірлесіп, жылу маусымына дайындық бойынша Жол карталары әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Бұл күні халық қалаулылары Екібастұздағы жылу электр орталықтарын аралап, ондағы жөндеу жұмысы барысымен танысты. Қазір "Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС бір мезгілде бес қазандық агрегатына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бірнеше қазандық күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қазіргі таңда қазандықтарды демонтаж жұқмыстары жүргізіліп жатыр. Бір-екі цехқа барып, өз көзімізбен көрдік. Сол жердегі мамандардың айтуынша, қаржылары бөлінген. Арнайы қондырғылары Қазақстанда және көрші елдерде дайындалып жатыр. Өздерінің кестесіне сай жұмыс істеп жатырмыз деп бізді сендірді.

Сондай-ақ...