«Семей орманы» резерватының директоры мен екі орынбасары 10 жылға сотталды

Олар кәсіпкерлерден пара алып, қылмыстық топ құрған.

Лауазымды тұлғалар мемлекет қорғауға алған орманда ағашты заңсыз кесуге рұқсат берген. Сол үшін жүйелі түрде 700 мыңнан 1 жарым миллион теңгеге дейін пара алып отырған. Мұнымен шектелмей мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарға кедергісіз қол қойған. Енді кінәлі деп табылған тұлғалар өмiр бойы мемлекеттiк қызметте, қаржы ұйымдарында, квазимемлекеттiк секторда жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Ержан Әубәкіров, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

- Қылмыстық топ мүшелеріне пара берген кәсіпкерлер мен ағаш дайындаушылар да  кінәлі деп танылды. Олар бір жарым жылдан үш жарым жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.