Қазақстандықтар дәрі-дәрмек ағзаға жақпаған жағдайда шағымдана алады

Енді қазақстандықтар сатып алған дәрілерінің ағзаға тигізер жанама әсерін арнайы қосымша арқылы хабарлай алады. Ол DariKZ деп аталады.

Цифрлық өнімді әзірлеген компания осылайша ем-дом кезінде қабылданатын дәрілік препараттардың денсаулыққа тигізер жанама әсері туралы толыққанды мәлімет жинауды көздеп отыр. 2018 жылы іске қосылған қосымша Қазақстанда тіркелген дәрі-дәрмек туралы ақпарат алу, оның баламасын табу мақсатында қолданылып келген. Одан кейін өнімдердің шекті бағасына шағымдану функциясы қосылыпты. Жиналған ақпаратты фармацевтикалық қадағалау органы сараптап, дәрілік затты алмастырады немесе нарықтан алып тастайды.

Тимур Жұмақаев, Цифрландыру департаментінің басшысы:

- Бұл енді – пилоттық жоба. Енді бастап жатырмыз. Жаңағы халықтан ақпарат жинағанна кейін оны ары-қарай талдаймыз ғой. Бәлкім, қандай да бір жаңартулар жасау, қосымша ақапар тенгізуге мүмкіндік ашу керек болатын болар. Сол жағын біздер қадағалап, қажетінше қосып отыратын боламыз.