Жетісу облысында әлеуметтік санаттағы 13 мыңнан аса бала жазғы сауықтыру лагеріне жіберіледі

Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 622 миллион теңге бөлінген.

Осыған байланысты аудан және қалалық әкімдік конкурс жариялады. Жақында оның толық қорытындысы шығады. Жалпы өңірде он лагерь жұмыс істейді. Соның алтауы мемлекет меншігінде болса, төртеуі жекеменшік. Арнайы мекемелермен қатар әрбір мектеп жанынан лагерь ашып, оқушыларды түрлі шараға жұмылдыру көзделген. Сонымен қатар ата-аналар есебінен де тынықтыру және тарихи орындарға экскурсиялар ұйымдастырылады.

Әлішер Башаров, білім басқармасы басшысының орынбасары: 
- Лагерь маусым айынан басталып, тамыз айының ортасына дейін жүреді. Жеті-сегіз маусымға жоспарланған. Қамтылатын бала саны - 103 мың. Ол 85 пайызды құрайды.