Мемлекеттік Ту мен Елтаңба авторлары ұлықталды

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында көк Туымыз бен Елтаңбамыздың авторлары ұлықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шәкен Ниязбековтің туғанына 85 жыл толуына орай бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға Мемлекеттік Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков те қатысты. Көрнекті сәулетші әрі профессор Елтаңба ішіндегі кескіндер мен бөлшектердің нені білдіретінін түсіндірді.

Университет жанындағы заманауи зерттеулер институтының директоры геральдист Мұхит-Ардагер Сыдықназаров та келушілерге өз саласына қатысты тың мәліметтер берді. Конференцияға қоғам қайраткерлері, ғылыми интеллегенция және шығармашылық зиялы қауым өкілдері келді.

Жандарбек Мәлібеков, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы:

- Қола дәуіріндегі Ботай заманы. Алғаш рет жылқыны қолға үйреткен қазақ. Сондықтан соларды білдірсін деп біздің Елтаңбада тұрған аттар, тұлпарлар содан келіп шығып жатыр. Сондықтан гербтің ішіндегі барлығы біздің мәдениетіміз бен дәстүрімізден туындаған элементтер. Мысалы, ішінде қошқар мүйіз тұр. Ол бекер тұрған жоқ. Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын дегеннен.

Сондай-ақ...