Қонаев қаласындағы жаңа скейт парк жастардың көңілінен шықты

Қонаев қаласында елдегі ең үлкен скейт парк ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл демалыс орнында жастар самокат, велосипед тебеді. Шынығып, дене жаттығуын жасауға бар жағдай бар.

Жалпы Қонаевтың жасөспірімдері білім мен спортқа өте бейім. Экстремалды бұқаралық спорт түрлерімен мыңнан астам жасөспірім шұғылданады. Ал скейт паркте болашақта халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізіледі.

Абылай Ерлан, оқушы:

- Бұл жақта достармен келіп демалуға болады. Анау жақта дирфт кар бар, сол жақта біз ойнадық. Ұнайды. Прак өте әдемі.

Нұрбақыт Теңізбаев, Алматы облыстық Спорт басқармасының басшысы:

- Бұл – біздің балаларымыз үшін, қала тұрңындары ұшін өте үлкен қуанышты күн. Бұл жерде кішкентай балалар спортпен айналысады, бұқаралық спортымыз дамиды және салауатты өмір салтын ұстанатын жастар үшін, қала тұрғындары үшін жақсы мүмкіндік.