Ерікті жастар алаяқтықпен күрестің ерекше тәсілін ойлап тапты

«Alayaq.net» қозғалысының мүшелері интернеттегі жалған жарнаманың иелерін тауып, алданған азаматтардың ақшасын қайтарып беруге көмектесіп жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ белсенді жастар түрлі айла-шарғы жолдарын бейнероликке түсіріп, оқырмандарымен бөліседі. Азаматтарға заң тұрғысынан кеңес береді. Жалпы қозғалыстың ашылғанына 1 ай болды. Күніне 100 адамнан өтініш түседі. Қозғалыс мүшелері бүгін елордада өздерінің QR-коды жазылған парақшалар таратты. Тұрғындар осы арқылы ұйымның интернет ресурсына өтіп, кеңес ала алады.

Нұрдәулет Мэлс, Alayaq.net қозғалысының жетекшісі:

- Қазіргі таңда, көріп жүрген шығарсыздар, интернетте алдап кетіп жатыр немесе ОЛХ-те, айта берсең көп. Біз оған қарсымыз. Соның алдын алу мақсатында осындай акция өткізіп жатырмыз. QR-коды сканерлесеңіздер, біздің Instagram желісіміз болады. Соған кірсеңіздер, біздің жобамыз туралы ақпарат ала аласыздар немесе көмек сұрасаңыздар, біз жауап береміз, көмектесеміз.