Заң саласына білікті маман даярлау – уақыт талабы

"Жаңа әділетті Қазақстан – заң үстемдігі, саяси жаңғыру және әлеуметтік-экономикалық реформалар".

Бүгін Алматыдағы Қонаев университетінде осындай атаумен халықаралық конференция өтті. Шара заң ғылымы саласының мамандарын даярлайтын оқу орнының 30 жылдығына арналды. Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Олар конституциялық реформаларды жүзеге асырудың өзекті мәселелері, саяси жаңғырту, заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселері бойынша ойларын ортаға салды. Сондай-ақ жаңа жағдайда жоғары заңгерлік білім берудің заманауи мәселелері қарастырылды.

Өмірәлі Жалаири, Қонаев университетінің ректоры:

- Заңгерлер дайындауда біздің академия үлкен үлес қосып жатыр біздің елімізге, біз енді конституция бойынша құқықтық мемлекет құрайын деп отырмыз ғой, соған байланысты білікті білімді заңгерлер адйындап, жатырмыз. Заңгермен қатар қаржыгерлер дайындап жатырмыз. Жастарды тәрбиелеп, Жаңа Қазақстанда осы құқықтық мәселе бойынша басқа да мәселе бойынша үлкен үлес қосады деп ойлаймын.

Сондай-ақ...