Павлодар облысында 100 мыңнан астам оқушы лагерьде демалады

Павлодар облысында 100 мыңнан астам  оқушы демалыспен қамтылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде 300-ден астам жазғы лагерь жұмыс істейді. Басым бөлігі мектеп жанынан ашылады. Қазір демалысты ұйымдастыруға қызу дайындық жүріп жатыр. «Жазғы жолдама» әлеуметтік жобасы шеңберінде «Қазақстан халқына» қоры оқуда, спортта және өнерде үздік атанған ауыл балаларына 900-ден астам жолдама тарту етеді. Сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың балалары бюджет есебінен демалады.

Роза Ақанова, облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

- Облыста «Балаға жолдама сыйла» акциясы басталды. Басты мақсат – жеткіншектерге бюджеттен тыс қаражат есебінен көмек көрсету. Бүгінде демеушілер лагерьлерге 600-ден астам жолдама сатып алды. Меценаттар 30 млн теңгеден астам қаржы жұмсады.