Рәміздер күні: Қызылорда облысында 100-ге жуық шара өтіп жатыр

Қызылорда облысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай 100-ге жуық шара өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Менің туым – менің Отаным» атты челленджбен бастау алған мерекелік бағдарлама аясында «Жас Ұлан» балалар мен жөсөспірімдер ұйымының және «Жас сарбаз» қозғалысының мүшелері арнайы саптық жүріс өткізді. Қазақ халқының мұқалмас рухы мен ежелден келе жатқан басты құндылықтарды ерекше әспеттейтін қастерлі мерекеде өңірдегі ірі сауда орталықтары, өндіріс ошақтарында бір мезетте Мемлекеттік әнұран шырқалды.Ел азаматтарын ортақ мақсатқа біріктіру және ұлтжандылық рухын көтеруге бағытталған шарада 15-тен астам жеңіл көлік пен 10 мотошабандоздың қатысуымен «АВТО, МОТОШЕРУ» ұйымдастырылды.

Байқоңыр мен Қызылорда қаласында патриоттық әндер байқауы өтті. 

Алмасбек Есмаханов, облыстық Қоғамдық даму басқармасының басшысы:

- Негізгі мақсаты – жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау. Ту, Елтаңба, Гимнге құрметпен қарап, әрқашан ел нышандарын сыйлап, жастарды осы бағытта тәрбиелеуге жұмыс жүргізіп жатырмыз.