Өскемендегі мешітке 25 метрлік көк байрақ ілінді

Өскемендіктер таң атқалы бірақатар шараны тамашалады.

Орталық мешітке биіктігі 25, ені 12 метр көк байрақ ілінген. Байкерлер де бүгінгі мейрамға орай жолға шықты. Ал негізгі шара қаланың орталығында өтіп жатыр. Рәміздер күні қалада тағы қандай қызықтар болады?

Эльмира Ахметова, тілші:

- Желбіреген туымыз, ерекше елтаңбамыз, асқақтаған әнұранымыз мемлекеттік нышан ретінде бекітілген күн, әр қазақстандық азамат үшін маңызды. Өскемендіктер бұл күнді ерекше бір рухпен, ықыласпен қарсы алып жатыр. Қазір мінеки Арбатта тұрмыз. Негізгі мерекелік шара осы жерде қазір ғана басталды.

Мешіттегі көк байрақ

Ал осыған дейін таңертең Тәуелсіздік монументінде ресми жиын өтті. Ол жерде көк байрағымыз көкке көтеріліп, әнұранымыз шырқалды. Мемлекеттік қызметке кіріскен жастар ант қабылдады. Рәміздер ұлықталған күн осылайша ерекше құрмет-қошеметпен басталды. Сонымен қатар биыл алғаш рет қаладағы Халифа Алтай мешітінің алдына байрағымыздың элементі қойылды. Биіктігі 25 метр. Бұл да мемлекеттік нақышқа деген үлкен құрметтің белгісі дейді ұйымдастырушылар. Ту қасында суретке түсіп жатқандар да көп.

Рәміздер – ұлт мақтанышы

Осындай ерекше акциялар өтті. Ал ары қарайғы қызықты сәттердің бәрі мінеки осы біз тұрған арбатта боп жатыр. Мұнда өнер ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынып жатса, шеберлер көрме ұйымдастырыпты. Түрлі сәндік бұйымдар көрсетіліп те сатылып та жатыр. Балаларға арналған ойындар да өтуде. Айтпақшы бұл көше туралы айта кетсек, осыдан 4 жыл бұрын қаланың туған күніне орай ашылған керемет демалыс орны. Халық өте көп келеді. Мінеки өлкемізге танымал суретші Мәди Қайырхан мырза да осында екен. Мереке құтты болсын, не салып жатырсыз? 

Мәди Қайырхан, суретші:

- Сіз енді Рәміздер мейрамын тікелей эфирде көрсетіп айтып жатырсыз, мен де үлес қоссам деп, осы мерекелік кешкі қала көрінісін, қылқаламен сөйлетіп көрсем деп, жанталасып жатырмын.

- Сіздің туындыларыңыздан бір қазақы асқақ рух, отансүйгіштік, керемет сезіліп тұрады екен?

- Картинкам арқылы ұрпақты тәрбиелегім келеді.Сондықтан осы тақырыптарды жиі қозғаймын. Мінеки мына жерде. 

- Сәттілік қылқаламыңыздан әдемі дүниелер төгіле берсін.

Мінеки Арбаттағы мерекелік ауан осындай?

- Елімізде тек сіздерде ғана рәміздер тауы бар екен. Ол жерде бүгін шара өтті ме?

Жұртшылық рәміздер тауына шықты

-Міндетті түрде. Өйткені Қазақстан деген жазуы айшықталған ол тау біздің мақтанышымыз. Бүгін ол жер бос тұрған жоқ. Жылдағыдай өлкедегі спортшылар бір адамдай жиналып,осы Рәміздер тауына көтерілді. 1 шақырымнан астам жолды биікке жай жүгіріп өту оңай емес.Оның үстіне күн де ысып тұр. Дегенмен, спортшы ұл, қыздар, қарапайым тұрғындар жалпы 70-тен аса адам осы акция арқылы елге жерге деген сүйіспеншілігін рәміздерге деген құрметін білдіріп, тау басына шықты. Мұнда Қазақстан деп ірі әріптермен жазылған. Көк туымыз желбіреп, елтаңбамыз бекітілген. Әнұранымыз да жазылып тұр. "Рәміздер кешені" осындай биіктікте тұрған ерекше композиция еліміздегі.

Бүгінгі мейрамға айрықша нүкте қойылатын болады. Қазір шамамен бір сағаттан соң осы жерге жиналғандар жаппай әнұран шырқайды.