Екі жылда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 60 мектеп салынады

Алматы облысының Алматымен іргелес орналасқан аудандарында үш ауысымды мектеп мәселесі өзекті болып тұр.

Аймақта үш ауысымды 56 мектеп бар. Соңғы жеті жылда Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында жаңадан үш мектеп салынды. Бірақ халық саны ұлғайып келе жатқан елді мекенге әлі де мектеп керек. Биыл Ұзынағашта 1 500 оқушыға арналған білім ордасының құрылысы аяқталады. Қазір ішкі әрлеу, сырлау, ауланы абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы екі жылда облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 60 орта білім беретін нысан салынады. Олар Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай мен Жамбыл аудандарын қамтиды.