Балқашта дауылдың салдарынан көпқабатты үйдің шатыры ұшып кетті

Балқашта қатты дауылдың салдарынан көпқабатты үйдің шатыры ұшып, екі көлікті басып қалды.

Ондағы жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Абырой болғанда, өзге адамдар дін- аман. Қазір оқиға орнында қызмет көрсету мекемелері жұмыс істеп жатыр. Зақымданған шатыр қалпына келтіріледі деп хабарлады қала әкімдігі.