Қарағандыда заңсыз салынған көп қабатты үй сүрілді

Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы баспананы салған компанияға 3 бірдей әкімшілік хаттама толтырып, 1 млн 600 мың теңге айыппұл салған. 

Жалпы облыста жауапсыз құрылыс компанияларының «қара тізімі» жасалды. Қазір ондаған нысанда сот шешімі бойынша, құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылды. Заң бойынша мердігер құрылыс бастамай тұрып, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына хабар беруі тиіс. Бұл электронды үкіметтің, веб-порталы арқылы онлайн режимде жасалады. Бірақ аталған компаниялар бұл талапты өрескел бұзған.    

Айдын Смағұлов, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының бөлім басшысы:

- Біздің басқармаға хабарлама берілмеген. Тех және авторлық қадағалау болмаған. Жобасы мен экспертизасы жоқ. Қазір 10-шақты объекті бар бізде қалада ешқандай документтерсіз салып жатқан. Бірақ сотпен барлық объектілер тоқтатылған.