Бүгін елордада Астана халықаралық форумы басталады

Шараға қатысу үшін 40-тан астам мемлекеттен 400-ге жуық делегат келді.

Жиналған қауым жаһандық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі, су тапшылығы, энергетика мен экология салаларында қордаланған проблемаларды көтереді. Форум аясында өтетін отырыстарға Мемлекет басшыларынан бастап алпауыт компаниялардың жетекшілері, белгілі ғалымдар қатысады. 

Ренат Бектұров, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:
- Бұл – жаңа алаң. Бұның деңгейі басқа деп ойлаймын. Біз тек қана экономикалық мәселелер емес, көптеген бүгінгі таңда ғаламшарды, соның ішінде Қазақстанды мазалап отырған сын-сұрақтарды талқылаймыз.

Екі күн бойы форумда талқыға түсетін маңызды ақпараттар арнамыздың тікелей эфирінен айтылатын болады. Қазірдің өзінде әріптестеріміз ЭКСПО қалашығында жүр. Олар сағат сайын жиыннан жан-жақты мәлімет таратуға дайын. Бұдан бөлек «Хабар24» журналистері жер жаһанға танымал, белді спикерлерден сұхбат алады. Сұхбатты әр жаңалық шығарылымынан кейін көре аласыздар.