Петропавлда дауыл салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр

Петропавлда қатты дауылдың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

«I-komek 109» орталығына түні бойы 200-ден аса қоңырау түскен. Кеше қалада қатты жел көтеріліп, нөсер жауды. Ауа райының қолайсыздығынан бірнеше ауданның тұрғындары жарықсыз қалды. Көпқабатты тұрғын үйлердің шатырынан су ақты. Сонымен қатар, ағаш бұтақтары сынып, жеңіл көліктерге зақым келді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір коммуналдық қызмет мамандары көшелерді тазалап, істен шыққан электр желілерін жөндеп жатыр. 

Эльмира Сәдуақасова, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:
- Петропавлда 13 қосалқы станцияда жарық сөндірілді. Қаланың басым бөлігінде жарық беру жұмыстары бірнеше сағаттың көлемінде жүргізілді. Бүгін таңертең әлі 20-шы ықшамның бір бөлігі, сондай-ақ балық питомнигінің ауданы Промзона және Гашека мен Уәлиханов көшелерінде орналасқан бірқатар нысандар әлі жарықсыз отыр.