Нұрлан Ноғаев «БерАли» компаниясының бұрынғы қызметкерлерімен кездесті

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев "БерАли" компаниясының бұрынғы қызметкерлерімен кездесті.

Жиналысқа "ҚазМұнайГаз" және "Өзенмұнайгаз" Акционерлік Қоғамының  өкілдері де қатысты. Өңір басшысы жергілікті атқарушы билік пен "Қазмұнайгаз" компаниясы, көтерілген мәселені оңтайлы шешуге ынталы екенін айтты. Барлық түйіткілді келіссөз үстелінде шешуге шақырды. Мұнайшылардың жалақысы мен еңбек жағдайларын сақтай отырып, "МөлдірМұнайСервис" кәсіпорнында 3 жыл еңбек ету ұсынылды. Ал тендерден ұтылған мекеменің қызметкерлері конкурстық рәсімдердің жеңімпазы атанған компанияға ауысады.

Нұрлан Ноғаев, облыс әкімі:

- Сіздердің намыстарыңызға тиген қандай да бір істер болатын болса, құқық қорғау органдарына, сотқа жүгінуіңізге болады. Басты мақсат жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру. Егер ұсынылған шарттарды қабылдамаймын десеңіздер, ол өз еріктеріңіз. 9 мың жігіттің арасынан "МөлдірМұнайСервиске" жұмысқа баратын адамдары табуға болады.