Орал қаласында ашық аспан астындағы қауіпсіздік мектебі ашылды

Енді төтенше жағдай департаментінің мамандары әр бейсенбі сайын балаларға өзен-көлдегі қауіпсіздік қағидаттарын түсіндіреді.

Сондай-ақ, суға кеткендерге алғашқы көмек көрсету жолдарын үйретеді. Оқушылар сарайы жанындағы лагердің демалушылары судан құтқару стансасында болып, апатты-құтқару жабдықтарымен танысты. Қысылтаяң кезде жедел ойлауға және адамдардың өмірін сақтауға мүмкіндік беретін байқауларға қатысты. Мұның барлығы қайғылы оқиғалардың алдын-алуға бағытталған. Биыл өңірде шомылушылардың суға бату жағдайы тіркелмегенмен, алайда күні кеше құтқарушылар қалалық саябақта екі жасөспірімді ажалдан арашалап қалды. 

Әли Өтепберген, мектеп оқушысы:
- Бүгін жасанды демалдыру қалай жасайтынын көрдім. Аппараттар көрдім адамды қалай құтқаратынын. Ереже сақтау керек, тереңге бармау керек және рұқсатсыз балаларға суға түсуге болмайды.

Теміржан Таңжанов, БҚО ТЖ департаментінің басқарма басшысы:
- Жалпы осы жазатайым оқиғалар, қайғылы оқиғалар су айдындарының тыйым салынған жерлерінде тіркеледі. Өткен жылды алатын болсақ, өткен жылы шомылу маусымында 15 адам суға батып кетті. Оның ішінде алты бала. Көбінесе баланы қараусыз қалдыру және ішімдік ішу су айдындарында және қайықпен жүзгенде құтқару құралдарын кимеу сол негізгі себептері болады.

Сондай-ақ...