«Семей орманы» өртеніп жатыр

«Қазавиаорманқорғау» мекемесінің екі тікұшағы «Семей орманы» аумағындағы өртті сөндіруге кірісті.

Абай облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 175 адам мен 48 техника қызыл жалынмен күресіп жатыр. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысы мен Қарағанды және Астанадан қосымша күш тартылды. Өртеніп жатқан аймаққа Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов барды. Абай облысы Батпай орман шаруашылығы аумағындағы өрт кеше тұтанған. Алдын ала мәлімет бойынша, қызыл жалын 3 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Облыс әкімдігі елдімекендерге қауіп жоқ дейді. 

8 маусымда 12:03 сағатта Семей қаласы күштері мен құралдары жедел басқару орталығына Батпай орман алқабында 66-шы кварталда орман жануы туралы хабарлама келіп түсті. Орман өртін сөндіруге 15 автоцистерна, 4 водовоз, 6 трактор, 2 шағын өрт сөндіру көлігі және екі вахта, екі тікұшақ жұмылдырылды.

«Семей орманындағы» қазіргі жағдайды баяндауға тікелей эфирге Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов қосылды.

Сондай-ақ...