Жетісу облысында жоғалған велосаяхатшы табылды

Жетісу облысында із-түзсіз жоғалып кеткен велосаяхатшы Бұрхан-бұлақ сарқырамасының маңынан аман-есен табылды.

Алматы қаласының тұрғыны Дамир Кушеевтің тауға шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат 7 маусым күні кешкісін тараған. Іздестіру жұмыстарына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 4 техникасы және кинологтар жұмылдырылды. Нәтижесінде велосаяхатшы Қора шатқалында сарқырамадан түсіп келе жатқан жерінен құтқарушыларға өзі кез болды.

Дамир Кушеев, велосаяхатшы:
- Туыстарыммен 3 күн бойы хабарласа алмай қалдым. Өйткені Бұрханбұлақ сарқырамасы маңында ұялы байланыс жоқ екен. Сол себепті осындай жағдай болып жатыр. Құтқарушыларға айтар алғысым шексіз.