Жезқазғанда ауызсу жетпей жатыр

2 күннен бері құбырда қысым төмендеп кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол себепті көпқабатты үйлерде тіршілік нәрі үшінші қабаттан әрі көтерілмей тұр. Кейбір аудандарда мүлдем жоқ. Жергілікті билік өкілдері бұған ауызсу тазарту цехындағы жөндеу жұмыстары себеп дейді. Резервуарды қайта жаңғырту жоспарлы түрде жүзеге асқанымен, жауаптылар оның қашан аяқталатынын нақты айта алмады. Қазір тіршілік нәрі үйді-үйге арнайы техникамен жеткізіліп жатыр.

Нұрбол Садықов, қалалық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Жағдай түзелгенше дейін күнделікті сағат таңғы 5 пен 9-дың арасында су қысымы жақсы болады. 9-дан 18:00-ге дейін қысым төмендеп, 18:00-ден түнгі 12-ге дейін қысым жақсаратын болады. Адам күші, материалдық құндылықтардың барлығы сол жерде жұмыс істеп жатыр, қазіргі таңда нақты мерзімін атау мүмкін емес.