Ақмола облысында еріктілердің «Жазғы мектебі» аяқталды

Ақмола облысында волонтерлердің «Жазғы мектебі» жұмысын аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің әр аймағынан келген 40-қа жуық ерікті 4 күн ішінде түрлі жобаларды жүзеге асырып, эко-акциялар ұйымдастырған. Олар өзара тәжірбие алмасып, ортақ жобаларымен бөлісті.

Бұл шара осымен 3-ші рет Зерендіде өтіп отыр. Волонтерлер осы мектепте алған теориялық білімдерін практикалық тұрғыда шыңдайды.

Қазір елде волонтерлік 600 ұйым бар. Онда 200 мыңға жуық ерікті тіркелген.

Назым Сағидуллина, Ұлттық волонтерлік желінің үйлестірушісі:

- Жалпы волонтерлікке кіріспеден бастап, қалай волонтерлік жобалар жазуға болады, қалай соған спонсор табуға болады, қалай бюджетті қарау керек екенін барлығын толықтай үйретіп жатырмыз. Бұл мектеп болғандықтан бізде бастысы теория түрінде жеткізіледі. Сосын олар өздерінің облыстарына барып, жалпы волонтерліктің не екенін жеткізіп, волонтерлікке деген оң көзқарас қалыптастырады. Ең бастысы сол.