Бердібек Сапарбаев өмірден өтті

Мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаев 70 жасында өмірден өтті.

Бердібек Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Бесарық ауылында дүниеге келген. Сапарбаев елдегі бес өңірді басқарған тұлға.

Әр жылдары Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының әкімі қызметін атқарды. Еңбек министрі және Премьер-министрдің орынбасары болды. Экономика ғылымдарының докторы.