Эколог орман алқаптарында су қоймалары картасын дайындауды ұсынды

Эколог Тимур Елеусізов еліміздегі барлық орман алқабында су қоймаларының картасын құруды ұсынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ТЖМ-нің тікұшақтарына алапат өрт кезінде, уақыт жоғалтпау үшін қажет. Сондай-ақ сарапшы жергілікті тұрғындардан жасақ дайындап, оларды өрт сөндіру кезіндегі жедел жұмыстарға үйрету керек дейді.

Тимур Елеусізов, «Kaz Eco Patrol» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы:

- Көміртегі тотығының дозасын алмау үшін ең болмағанда сүлгіні сулап алып, өзіңіз бен жақыныңыздың басына орап қою керек. Бұл ауыр түтінді сіңірмеуге көмектеседі. Үстіңіздегі киімді де сулау маңызды, өйткені құрғақ киім тез тұтанғыш келеді. Негізі өрт болса, бірден үйден шығып кетіңіз, маңайда тоған болса, суға бір сүңгіп алған дұрыс.