Абай облысындағы өрттен қаза тапқандардың тізімі жарияланды

Дәл қазір Абай облысындағы өрт кезінде қаза тапқандардың тізімі жарияланды. Әзірге 5 адамның аты-жөні белгілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Опат болғандардың ең жасы - Серікжан Тоқтасын. Ол 1996 жылы туған. Сонымен қатар марқұмдардың арасында Александр Сидорин, Саят Нұржігітов, Алексей Губаев және Амангелді Дүйсембаев есімді азаматтар бар. Қаза тапқандардың жақындары мен отбасына қайғырып көңіл айтамыз.