ШҚО-да өрт қауіпсіздігін бұзған 35 адам жазаланды

Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған 35 адам жауапкершілікке тартылды.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Профилактикалық рейдтерді жүргізу үшін құтқарушылар ат партрулін жұмылдырды.

Бұдан бөлек, өңірде тыйым салынған жерлерде суға түскен азаматтар да заң аясында жазаланып жатыр. Айта кетейік, мұнда 22 шомылу және 111 тыйым салынған орын бар.