Бас мүфти Әзірет Сұлтан мешітінде өртте опат болғандарға құран бағыштады

Мүфтияттың Зекет және қайырымдылық қорының шұғыл көмек шотына жиналған қаржы 5 млн теңгеге жетті.

Бұл сома ұлғая түсетіні сөзсіз. Арнайы шот жұма күні жабылады. Қор есебінен өрт шалған аумақтағы тұрғындарға азық-түлік, басқа да мұқтаж заттар жеткізіліп жатыр. Бүгін Елордадағы Әзірет Сұлтан мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған жамағат өрт кезінде опат болғандардың рухына дұға бағыштады. Өңірлердегі мешіттерде де құран оқылды. Абай облысындағы өкілдік өрт кезінде көз жұмғандардың туған-туыстарына қол ұшын созып, жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.  

Наурызбай Қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

- Сонымен қатарсол апатқа, алдын алуға қызмет жасап жатқан біздің өрт сөндірушілерміз бар, басқа да сонда жүрген әскери қызметкерлерімізге азық-түлікпен қолымыздан келгенше зекет қоры арқылы көмек беріп жатырмыз. Жалпы, әрине, қайтыс болған кісілерге біздің жергілікті имамдарымыз барлық көмекті жасап жатыр. Шариғи жағынан болсын, материалдық жағынан болсын, қандай мүмкіндік бар, қолымыздан келгенше ұйымдастырылып жатыр.