Солтүстіктегі «Көкшетау» Ұлттық паркінде өртті ерте анықтайтын жүйе орнатылады

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Көкшетау» Ұлттық паркінің аумағында өртті ерте анықтайтын арнайы жүйе орнатылады.

Бұл тың технологияға ел қазынасынан 1,7 миллиард теңге бөлінген. Қазір конкурс жарияланып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Аймақта орман қорының жалпы аумағы 688 мың гектар. Жыл басынан бері 17 рет өрт шығыпты.

Иван Кох, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

- Ұлттық парктің аумағына бейнебақылау камералары қойылады. Яғни олар түтін шығып жатқан аумақты автоматты түрде анықтап, басқару орталығына жібереді. Сәтін салса, ақылды қондырғыларды биылдан қалдырмай орнатамыз деп жоспарлап отырмыз.