Алматыда Абай облысына гуманитарлық көмек жиналып жатыр

Алматыдағы гуманитарлық көмек жинау пункті жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қажетті заттар Абай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындар мен құтқарушыларға жөнелтіледі. Бұл туралы, QAMQOR CHARITY қоғамдық қорының төрағасы Бағдат Анарбаева мәлім етті.

Еске сала кетейік, кеше Алматыда гуманитарлық жүкті қабылдайтын пункт жұмысын бастады. Оның ашылуына алматылық тұрғындардың өздері түрткі болған. Волонтерлардың кеңсесі Байтұрсынов көшесі, 22-ші үйде орналасқан. Ол жерден зардап шеккендер мен өртті сөндіруге атсалысып жатқандарға не қажет екендігін сұрап білуге болады. Десе де ең керегі, қалбырдағы бұзылмайтын азық-түлік, ауызсу, түтінге киетін бетперде, пауэр бэнк сияқты заттар артық етпейді.   

Бағдат Анарбаева, қоғамдық қордың төрағасы:

- Қазіргі таңда көптеген тұрғындар, кәсіпкелер өзінің ниетін білдіріп жатыр, көмектесуге ықпал етіп жатыр. Нақты біз гуманитарлық көмекті сол тізімдердің, тізімдер бойынша жинап жатырмыз. Жалпы айта кететін болсақ, қазіргі таңда осы гуманитарлық көмекті жинау штабы Алматы қаласы волонтерлер фронт офисының негізінде құрылған.