Абай облысында өрт басталғалы 4 мың тоннадан астам су шашылды

Абай облысындағы орман өртін сөндіру жұмыстары жайында жедел ақпаратты облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев баяндады.

Оның айтуынша, тікұшақтар өрт аумағын аэровизуалды тексеруді жалғастырып жатыр. Өрт басталғалы әуеден 4 мың тоннадан астам су шашылған. Табиғи апат орнында Төтенше жағдайлар министрінің байланыс торабы мен жылжымалы басқару пункті жұмыс істеп тұр. Аймақ басшысы өрт сөндіру жұмыстары күн-түн демей жүргізіліп жатқанын айтады. 

Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:

- Бүгін біз 2 бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бірі Жирновка Шүлбі, екіншісі Каштақ ауылының аумағында. Онда жеке құрамның 200 құтқарушысы, 30 техника мен 3 тікұшақ жұмылдырылған. Ал Жироновка-Шүлбіде 300 өрт сөндіруші, 40 техника мен 9 тікұшақ жұмыс істеп жатыр. Соңғы күндері өрт аумағы азайғанын атап өту керек, өрт сөндіру жұмыстары ұдайы бақылауда.