«Ауыл» партиясы өрттен зардап шеккендерге қолдау көрсетті

«Ауыл» партиясының өкілдері Абай облысына барып, өрттен зардап шеккендермен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев бастаған топ марқұмдардың жақындарымен жүздесіп, жылы сөздерін айтып, материалдық көмек көрсетті. Орны толмас қайғыға ұшыраған 14 отбасыға «Ауыл» партиясы атынан 3 миллион теңгеге жуық қаржы берілді. Бұдан бөлек, саяси ұйым Абай облысындағы филиалы жанынан өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін қабылдау пунктін ашты.