Алматыдағы Кардиология институтында адамдарды қабылдау бөлімі ашылды

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында клиниканың жаңартылған қабылдау бөлімшесі ашылды.

Қысқа мерзімде күрделі жөндеуден өткен ғимарат, заман талабына сай жабдықталған. Қабылдау бөлімшесі, кез-келген аурухананың «бет-бейнесі» болып саналады. Пациенттің клиникаға түскен сәтінен бастап, кездесетін ең маңызды әрі алғашқы бөлімше.

Кардиология және ішкі аурулар институты дәрігерлік көмекті жақсартуға үнемі көңіл бөліп келеді. Мысалы, 2021 жылы JCI - денсаулық сақтау саласындағы беделді халықаралық сертификатқа ие болды. Бұл медициналық қызмет көрсетудің «алтын стандарты» болып саналады. Сапаны әрі қарай жақсарту үшін енді міне мың шаршы метрден асатам қабылдау бөліміне күрделі жөндеу жасап отыр.

Марат Шоранов, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры:

- Науқастарға жақсы күтетін қолайлы және жайлы орындар мен электрондық кезек технологияларын енгізіп жатырмыз. Сонымен қатар, триаж жүйесі де енгізіліп, пациенттер санаттарға бөлінетін болады. Оның ішінде,  жаңағы жасыл, сары және көк зоналарға бөлінеді. 

Мұнда еліміздің барлық өңірінен пациенттер келеді. Сондықтан электрондық кезек жүйесі қажет нәрсе. Бөлімдегі тазалық пен жайлылық медициналық ұйым туралы алғашқы әсер қалдырады. Тың бастамаларға институттың ұжымы да риза.

Нұрлан Әбдіқалиев, "Кардиология және ішкі аурулар" ҒЗИ бөлім меңгерушісі:

- Пациенттерге бірінші  кезеңнен,  кіргеннен-ақ ем алуға мүмкіншілік болады. Комфортты жағдайда осында келгенде көріп, біздің дәрігерлер қуанышпен қарсы алып жатқанда, әрине ол емге үлкен себеп болады деп ойлаймын.

Институт - Қазақстандағы кардиологиялық, кардиохирургиялық және терапиялық қызметтердің жетекші орталығы. Дәрігерлер ғылыми зерттеулер, білім беру мен клиникалық практиканың бірлесуі арқылы әрбір пациентке жоғары деңгейлі медициналық көмек көрсетуге ұмтылады. 

Ұлан Нарынбек, Эдуард Кон