Балалар арасындағы жұқпалы дерттер тез жазылмайтын болып барады

Соңғы уақытта балалар арасындағы кез келген жұқпалы дерттің тез жазыла қоймайтыны анықталды.

Бұл туралы дәрігерлер айтып, дабыл қағып жатыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын аса қауіп төндіре қоймайды деп саналған қарапайым вирустардың салдары күрделі болуы мүмкін. Өйткені науқастарда жүрек-қан тамыры, тыныс алу, орталық жүйке жүйесі ауруларының асқынуы байқалады. Мамандар мұны коронавирус инфекциясының салдарымен байланыстыруда. Бүгін елордада, балалар денсаулығы мәселелеріне арналған жиын өтті. Ем-домның жаңа әдістері талқыланды. Шеберлік сағатына 200-ден астам медицина қызметкері қатысты. Шара тағы 3 күнге жалғасады. Қатысушылар арасында көрші елдерден келген, білікті кадрлар да бар.

Роза Өтегенова, қалалық №3 көпбейінді балалар ауруханасы директорының орынбасары:

- Соңғы кезде балалардың ішінде қанның аздығы, салмағының аздығы, неврологиялық дефицит дейміз. Зертхана жұмыстарын жүргіземіз. Консилиумдар өткіземіз. Сөйтіп аман-сау алып қалуға тырысамыз.

Владимир Лазарев, Ресей мемлекеттік медицина университетінің кафедра меңгерушісі:

- Жасанды тыныс алу саласында айтарлықтай даму бар. Мәселен, өкпедегі вентиляцияның интеллектуалдық режимдері бар заманауи құрылғылар пайда болды. Мұның бәрін білу және бөлімшедегі науқастарға пайдалану міндеті анестезиолог-реаниматолог мамандарға жүктеледі.