Шымкентте кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды

Бұл жерде оларға 800-ден аса қызмет түрі көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлағандай, бұл тізім тұрғындардың сұранысы бойынша жасалған. Жаңа орталық «бір терезе» қағидаты негізінде жұмыс істейді. Мамандар бизнес жоспарларды құрудан бастап қаржыландыруға дейін көмек көрсетеді. Бұл – елімізде Астанадан кейін ашылған екінші орталық. Енді оны барлық қалада ашу жоспарланып отыр.

Тимур Нақыпбеков, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

- Жобаның негізгі кәсіпкерлер үшін пайдасы, осы бір жерден барлық мемлекеттік қызмет түрлерін ала алады. Бұған дейін осында келеді, кеңестер  алады, содан кейін барып мемлекеттік қызметті толыққанды алу үшін бәрібір де жаңағыдай халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінетін болатын.