Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиында еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды. Соның ішінде, еліміздің қарулы күштері мен басқа да әскерлерін қару-жарақпен қайта жарақтау жобасы сөз болды. Жиында қорғаныс өнеркәсібі кешенінің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша Президент мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне қатысты бірқатар тапсырма берді.