Ұлттық ұлан академиясын 186 түлек бітірді

Ұлттық ұлан әскери академиясынан 23-ші түлектер толқыны түлеп ұшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл білім ордасын 186 сарбаз тәмәмдады.   Академияның жас лейтенанттарының 8-і үздік аяқтады. Жоғары оқу орнын үздік бітірген 4 түлек Мемлекеттік рәміздер күні лейтенанттық шендерін мерзімінен бұрын алған болатын.

Тәжікстан Республикасынан келген 10 сарбазға салтанатты шарада дипломдары табысталды. Енді олар әскери және азаматтық борышын өтеу үшін еліміздің түкпір-түкпіріне жіберіледі.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Әскери оқу орындарын біздің түлектер бітіріп, офицерлердің қатарына қосылғалы тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ІІІ Бүкілармиялық кеңесте туған жер аумағының тұтастығын сақтау қастерлі борыш, батыр бабаларымыз ғасырлар бойы жердің шетін жауға бастырмай, бізге мирас етті. Осы ұлы мұраны сақтау – басты біздің міндетіміз.