Волонтерлер форумына әлемнің 30 елінен еріктілер қатысады

Бүгін Халықаралық Волонтерлер форумына 30 елден және Қазақстанның әр аймағынан арнайы келген 400-ден аса делегат қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы форумда 10 сессия өтеді. Спикерлер ұжымдық жауапкершілік, экология, білім, денсаулық сақтау, төтенше жағдай мәселелері бойынша баяндама жасайды. Жиын шеңберінде Халықаралық еріктілер орталығы ашылып, Зерендіде жазғы мектеп ұйымдастырылады.