Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға сотталды

Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 соты Ұлттық мүзейдің бұрыңғы басшысы мен оның сыбайластарын аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деп айыптады. Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Сотталушыны "Парасат", "Құрмет" ордендерінен және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағынан айыру ұсынылды. Естеріңізге сала кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр мамыр айында қамауға алынған еді.