Мемлекеттік мекеме ғимаратынан аналарға арналған жеке бөлме ашу керек

Мемлекеттік мекеме ғимаратынан аналарға арналған жеке бөлме ашу керек.

Бала күтімі бойынша еңбек демалысынан жұмысқа ерте шыққан келіншектер, осындай қолдауға зәру. Мұндай ұсынысты мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы ұсынды. Бибігүл Нұрашева бұл бастамасын мемлекеттік қызмет жүйесіндегі әйелдердің рөлін талқылауға арналған алаңда айтты. Еңбек кодексіне енгізілген толықтыруларға сәйкес, баласы көп мемлекеттік қызметшілерге қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі берілген. Алайда бұл туралы екінің бірі біле бермейді. Бүгінде 83 мыңнан астам мемлекеттік қызметкердің 46 мыңнан астамы әйел. Ал басшылық лауазымдағы нәзік жандылардың үлесі 40 %-ға жуықтайды. Бибігүл Нұра-шеваның айтуыныша, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің құн-дақтағы сәбиін емізуге жарты сағат, егер 2-3 баласы болса, бір сағатқа дейін үзіліс алуға құқы бар. Тек еңбек заңнамасында бұрыннан бар норманы іске асыру үшін арнаулы бөлмелер қарастырылмаған.

Бибігүл Нұрашева, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы:

- Яғни мысалы бала ертең әжесімен, әкесімен, атасымен, мысалы туыстарымен қалатын болса, ал анасы жұмыста болса, ол кісілер алып келіп, немесе сол жерде баланың тәрбиешісімен сол жерде отырып, әр үш сағат сайын ана келіп өіщінің баласын емізуге мүмкіндігі болу керек деп мен есептеймін. Себебі заңда норма бар, енді соны жүзеге асыру үшін жағдай жасау керек.