182 отандасымызға «Болашақ» стипендиясы берілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді.

Комиссия шешімімен 182 отандасымызға «Болашақ» стипендиясы берілді. Оның 149-ы магистратурада, жетеуі докторантурада білім алады. Сондай-ақ 26 азамат әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, қалғаны қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім алады. Жиында ғалымдарға дүниежүзінің маңдайалды ғылыми орталықтарынан тағылымдамадан өту мәселесі де қарастырылып, 328 адамға грант берілді. "Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау қыркүйек айының ортасына дейін, ал ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасына конкурстық іріктеу қазан айының ортасына дейін жалғасады.