IQanat олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Еліміздің ең ынталы ауыл оқушылары марапатталды.

Биыл республикалық IQanat олимпиадасына 40 мың дарын қатысты. Кіл мықтының арасынан суырылып шыққан 824 бала соңғы кезеңге жолдама алған. Негізгі пән және ағылшын тіліндегі тест сұрақтарына мүдірмей жауап берген 110 оқушы білім бәйгесінің жеңімпазы атанды. Енді олар Бурабайдағы IQanat мектебінде тегін білім алады.  

Толқын Нартаева, IQanat білім қорының Жамбыл облысы бойынша үйлестірушісі:

- Жеңімпаздардың ішінен мектепке үміткер болып өткен 11 оқушы келесі жылы мектептің қолдауымен онлайн дайындықтан өтеді де, 10-11 сыныпта сол мектептің өзінде тегін оқитын болады. Ал қалған жеңімпаздар қордың қолдауымен үш жыл бойы ҰБТ тегін дайындықтан өтеді. Одан бөлек тренинг, жарыстар  IQANAT мектебінің базасында өтетін болды.

Артём Краснобриж, олипиада жеңімпазы:

- Ең керемет мектепке түсемін деп күткен жоқпын. Тіпті түспей қалам ба деп қатты қорыққаным рас. Өйткені, бұл менің арманым ед. Мен күндіз-түні дайындалдым. Сөйтіп, екінші-үшінші кезеңдерге өттім. Міне, мектепке қабылданған оқушылардың қатарынан көрінгенімді біліп жатырмын. Шынымды айтсам, қолым әлі дірілдеп тұр. Мені қолдаған жанның бәріне алғысымды білдіремін.