Қызылордадағы күріш көрмесіне 100 кәсіпкер қатысты

Бүгін Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған Үкімет делегациясы Қызылордаға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Делегация мүшелері ауыл шаруашылығы нысандарының жұмысымен танысып, «Жері күшті, елі ырысты Қызылорда» атты 2 күндік күріш көрме-жәрмеңкесіне қатысты. Елімізде алғаш рет өтіп жатқан шараға 35 шаруашылық пен 2 тұз өндіруші кәсіпорын өз өнімін нарық бағасынан 20% арзанға ұсынды. Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар облыстарының кәсіпкерлерімен бірқатар келісім жасалды. Жәрмеңке елдегі күріш бағасының тұрақтылығына оң әсерін тигізеді, - дейді мамандар. 

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі:

- Бұл іс-шара аймақты дамыту, аймақтар арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту, сауданы ынталандыру және аймақтар арасында тәжіребие алмасу үшін маңызды оқиға болып табылады. Күріш пен басқа да өнімдерді жеткізу аумағын кеңейтуге, ақпарат алмасуға ықпал етеді.