Елдегі ерекше қажеттілігі бар азаматтардың саны 711 мыңнан асады

Олардың басты проблемасы - баспана.

«Үйлі боламын» дейтіндерге, мемлекет тарапынан ұсынылған бағдарламалар қолжетімсіз болып тұр. Бұл, Мәжіліс отырысында депутат Дәулет Мұқаевтың көтерген мәселесі. Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында ол, қамкөңіл жандарың жұмыспен қамтылмауын, сәйкесінше, «баспана ипотекасын» рәсімдеуге мүмкіндігі жоғын алға тартты. Мәжілісмен, Үкімет басшысынан мұндай түйіткілді мәселеге назар аударып, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мемлекеттік бағдарлама талаптарын қайта қарауды сұрады.

Дәулет Мұқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасылардың жұмыс жасауға мүмкіндігі болмай отыр. Бірақ қол қусырып отырған жоқ. Ипотека рәсімдеуде жеңілдетілген ұсынымдар енгізілуі керек. Табыс көзін растағанда зейнетақы аударымдары емес, екінші деңгейлі банктердегі соңғы 6 айдағы түсімдердің жиынтығын көрсетсе жеткілікті деп санаймын. Екінші деңгейлі банктердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға тәуекелі жоғары топ ретінде қарамау мәселесіне ерекше назар аудару қажет.