Орталық Азияда гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы альянс құрылды

Орталық Азияда алғаш рет гендерлік зорлық-зомбылықты тоқтату үшін альянс құрылды.

Еуропалық Одақ пен Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен қолға алынған бұл бастама барлық бес елге аймақтағы өзекті проблемамен бірлесіп күресуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ұйым физикалық және жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге кешенді үш бағытта қолдау көрсетеді. Бұл - денсаулық сақтау, психоәлеуметтік және құқық қорғау салалары. Жалпы, гендерлік зорлық-зомбылық мәселесін шешу аясында альянс жұмысына Еуропалық Одақ, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Орталық Азия елдерінің, дипломатиялық корпустың 70-ке жуық өкілі тартылған.

Ажар Бергенева, БҰҰ "Жарық сәулесі" өңірлік бағдарламасының менеджері:

- Әлемдегі әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылықтың қандай да бір түріне ұшыраған. Қазақстанды алатын болсақ, әрбір алтыншы әйел физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылықты бастан өткерген.  Жалпы аймақты алып қарасақ, мұнда Түркістан облысы көш бастап тұр, ал БҰҰ-ның Халық пен тұрғындарды қолдау жөніндегі қоры бұл бағытта әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін белсенді жұмыс атқаруда.