«Хан Ордалы Сарайшық» қаласының орнынан Сапар орталығы ашылды

13-14 ғасырларда салтанат құрған «Хан Ордалы Сарайшық» қаласының орнынан туристер үшін Сапар орталығы ашылған.

Бұл - Атырау облысы. Ұлы Жібек Жолы бойындағы кіндік қала, кейін 15 ғасырда, яғни Қасым хан тұсында қазақ хандығының астанасы болған. Сол көне шаһардың орнында 10 жылдан бері қазба жұмыстары жүріп жатыр. Қазірдің өзінде «Хан моласы» қорымы ашылып, көне қала орнынан мыңдаған құнды жәдіргер табылды. Орталық жанында 6 көрме залы жұмыс істейді. Тарихи құжаттармен электронды форматта танысуға болады. Былтыр «Сарайшыққа» Польша, Германия және Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 1500 дей турис пен тарихшылар келген.

Төремұрат Мұғиев, музейдің қор сақтаушысы:

- Сапар орталығы жалпы қазақ емес, Сарайшық қаласының тарихын,  «Алтын орда», Ноғай орда», «қазақ хандығын» әлемге таныту мақсатында жұмыс істеп жатыр. Негізгі жәдігерлер мұндағы 13-14 ғасырдағы «Сарайшық» археологиялық қазбасынан табылған жәдіргерлер. Өздеріңіз білесіздер, құмыралар мен қатар су құбырлары және пайдаланған қыш ыдыстары көп кезедседі.